Ұстаздар күніне орай Мектептен тыс білім беру орталығының ұстаздарына ерекше құттықтау ұйымдастырылды.
Ата-аналар балаларымен бірге орталық ұстаздарын мерекемен құттықтап, ерекше көңіл-күй сыйлап, құрмет көрсетті. Шара барысында үйірме оқушылары ұстаз туралы өлеңдерін оқып, ән айтып, өнерлерін ортаға салды.
Ата-аналар да ақжарма тілектерін арнап, әр ұстаздың еңбегі мен кәсіби ерекшелігін атап өтіп, жүрекжарды тілектерін білдірді.
Балалар мен ата-аналардың ақжарма тілектері ұстаздарға ерекше жылулық сыйлады.
Ұстаз еңбегі — ұрпақ болашағына салынған ең үлкен инвестиция!
Орталық ұстаздары үйірме оқушылары мен ата-аналарына шексіз алғыс білдіреді.
